Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Ұлттық Банкі «Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 30 наурыздағы № 42 қаулысы қабылданғаны туралы хабарлады.
"Қағидалар «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2018 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленіп Қазақстан Республикасында экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды. Қағидалар Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 16 сәуірде № 18539 болып тіркелген. Қағидалардың қолданысқа енгізілуі уақыты – 2019 жылғы 1 шілде", - делінген таратылған ақпаратта.
Қағидалардың толық мәтінімен Қазақстан Ұлттық Банкінің интернет-ресурсында, Нормативтік құқықтық база, Қазақстан Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілері немесе валюталық реттеу және валюталық бақылау бөлімінде танысуға болады.