Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Әлсіз банктерді нарықтан шығару жалғасады – Ұлттық банк

30 Қаңтар 2019, 12:16
2581
Бөлісу:

Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарабаевтың қатысуымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында банк секторын сауықтыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды атады. 


«Бірінші бағыт – банк секторын сауықтыру. Былтыр «Халық банк» пен «Казкомның» бірігуі банк секторындағы басты оқиға болды.  «Халық банк» қазір елдегі банк секторының 34% құрайды. Бұл жақсы құбылыс, себебі Ұлыбритания, Италия, Швейцария, Франция, Ресей секілді әлемнің көптеген елінде нарықтың 30% алатын банктер бар. Шетелдік ойынщылармен ішкі нарықта да, сыртқы нарықта да бәсекелесе алатын Қазақстанға ірі қаржы институт қажет», - деді Ақышев.

Ұлттық банк төрағасы нарықтан әлсіз ойыншыларды шығару жұмыстары жалғасатынын айтты. 

«Былтыр үш банктің лицензиясы алынды. Ол банктерді жабудың  процестері аяқталып қалды, азаматтарға депозиттегі қаржыларын төлеу басталды», - деді Ақышев үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Бүгін мемлекет басшысының қатысуымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтуде. Онда Назарабаев 2018 жылы экономиканың барлық саласында жақсы көрсеткіштер болғанын атап өтті.  Сондай-ақ, бұған дейін ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ерболат Досаев «7-20-25» бағдарламасы бойынша 3600 несие берілдігін және  Жастар жылына 100 млрд теңге бөлгендігі туралы жазғаз болатынбыз.

Назерке АБИБУЛЛА
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ
Өзгелердің жаңалығы