LRT: Сұлтанбеков пен Ардан ісі сотқа берілді

14 Тамыз 2022, 06:50
1284
Бөлісу:
LRT: Сұлтанбеков пен Ардан ісі сотқа берілді

Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасы елорда әкімінің экс-орынбасары Қанат Сұлтанбековке, «Астана LRT» ЖШС бұрынғы Басқарма төрағасы Талғат Ардан және олардың сыбайластарына қатысты қылмыстық істі зерттеу қорытындысына сәйкес олар бойынша айыптау актілерін бекіту туралы шешім қабылдады.

Бүгінде Қылмыстық-процестік кодексiнің 304-бабында көзделген айыптау актілері қолхат арқылы қылмыстық процестің барлық қатысушысына, соның ішінде айыпталушылардың қорғаушылары Сұлтанбеков пен Арданға берілді, деп жазады BAQ.KZ Нұр-Сұлтан қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.

Сұлтанбеков пен Ардан шетелде жасырынып, құзырлы органға келуден жалтарып жүр. Прокуратура Қылмыстық-процестік кодекстің 304-бабының 2-бөлігін басшылыққа ала отырып, оларға қатысты қылмыстық істің сотқа жіберілгені туралы осы хабарламаны жариялайды, – деп жазылған Нұр-Сұлтан қаласы прокуратурасының ресми сайтында.

Ақпаратта көрсетілгендей, осыған дейін прокуратура Қылмыстық-процестік кодекстің талаптарына сәйкес отандық және шетелдік БАҚ-та хабарлама орналастыру арқылы Сұлтанбеков пен Арданды жауап алу және олардың іс-әрекеттерінің біліктілігі туралы қаулыны жариялау үшін құзырлы органға келу қажеттігі туралы жариялаған болатын. 

Бірақ та, белгіленген уақытта Сұлтанбеков пен Ардан келген жоқ және келуге кедергі болатын себептер туралы да хабарламады. 

Қылмыстық-процестік кодекстің 335- бабында көрсетілгендей, сотталушы Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде болған және сотқа келуден жалтарған кезде істі сотталушының қатысуынсыз талқылауды көздейді.

Айта кету керек, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің экс-орынбасары Қанат Сұлтанбеков пен «Астана LRT» ЖШС бұрынғы Басқарма төрағасы Талғат Ардан халықаралық іздеуде жүр.

Өзгелердің жаңалығы