Астанада LRT 2025 жылдың қыркүйегінде іске қосылады. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында қала әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қасымбектің айтуынша, 2024 жылдың желтоқсанында көлік жүйесін дамытудың кешенді бағдарламасы бекітілген.
Елордада автокөлік ағынының артуы аясында қоғамдық көлікті дамытуға, жол өткізу қабілетін арттыруға, жаңа көпірлер салуға, автотұрақтардың жұмысын жақсартуға баса назар аударылып жатыр.
Сіздердің қолдауларыңыздың арқасында LRT жобасы аяқталуға жақын. Жазда құрылыс жұмыстары толығымен аяқталады. Алғашқы пойыздар қыркүйекте жүре бастайды, содан кейін белсенді тестілеу басталады, - деді Қасымбек.