Лондонда өкпе обырына қарсы вакцинаға сынақ жүргізілді

Бүгiн, 09:25
117
Бөлісу:
Лондонда өкпе обырына қарсы вакцинаға сынақ жүргізілді

Әлемде әр бес адамның біреуінде қатерлі ісік пайда болады. Өкінішке қарай, өлім-жітім көрсеткіші жыл сайын ұлғайып келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осылай дейді. Бұл дертпен күресу үшін біраз ел миллиардтаған қаржы бөліп, оны емдеу үшін жаңа технологиялар мен заманауи әдістер енгізіп жатыр. Таяуда Ұлыбритания билігі алғашқылардың бірі болып обырға қарсы вакцина ойлап тапты. Қазір британдықтар оны сынақтан өткізіп жатыр. Біраз ел бұл бастаманы құптап, біртіндеп денсаулық сақтау жүйесіне енгізіп жатыр. 

Лондонда өкпе обырына қарсы вакцинаға сынақ жүргізілді Таяуда Лондон университетінің ғалымдары әлемде алғаш болып өкпе обырына қарсы вакцина ойлап тапты. Сынау мақсатында екпені бірінші болып мамандар 67 жастағы Януш Рац есімді британдық тұрғынға салды. 

Оның айтуынша, дәрігерлер оған емделмесе, бар-жоғы 4-5 ай ғана өмір сүретінін ескерткен. Сол себепті науқас өзі ғалым болған соң келешекте осы инновациялық терапияны қолжетімді ету мақсатында қабылдауға келісім берген. Алдымен оған жарты сағат ішінде 5 түрлі екпе салған. 

Кейін әр апта сайын 1,5 ай қабылдайды. Сосын әр үш аптада бір жылдан астам уақыт салғызып тұрады. Мамандардың айтуынша, вакцина науқастың иммундық жүйесі арқылы ісікке арнайы маркер енгізеді. Бұл обыр жасушасын жоюға мүмкіндік береді. Аталған әдіс – химиотерапиядан әлдеқайда тиімді дәстүрлі емдеудің бір түрі. 

Зерттеуге АҚШ, Түркия, Германия, Испания, Польша, Венгрия елдерінен 130-ға жуық адам, қатерлі ісіктің әртүрлі кезеңіндегі науқастар қатысады. Сынақ барысында бұл әдісті жалғыз немесе қолданыстағы емдеу жүйесімен бірге пайдалануға болатынын анықтауға үміттіміз, - деді Лондон университеті ауруханасының онколог-дәрігері, профессор Сиоу Мин Ли.

Өзгелердің жаңалығы