Лондонда кісі өлтірді деген күдікке ілінген қазақстандықтың соты жақын арада өтеді. Бұл туралы СІМ реми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Оқи отырыңыз:
10 мамырда Лондон қаласының полициясы Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігіне адам өлтірді деген күдікпен Қазақстан азаматтары ұсталғаны туралы хабарлады. Қазіргі таңда анықталған ақпарат бойынша олар ерлі-зайыпты кісілер. Әйелі босатылды. Бірақ күйеуі қамауда, тергеуде отыр. Жақын арада соты болады деп күтіліп отыр, - деді СІМ ресми өкілі.
Смадияров министрлік адвокат тауып бергенін айтып, ведомство Қазақстандағы туған-туыстарымен байланыста екенін жеткізді.
Күдікті қарапайым азамат, - деді Айбек Смадияров.
Оның айтуынша, оқиғаның неден туындағаны тек полицияға мәлім.