Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Лондондағы полиция қызметі супермаркеттердегі тауар өнімдеріне ине шаншып жүрген ер азаматты ұстады.
Бұл туралы Риа Новости хабарлады.
Хаммерсмит ауданының тұрғындарына қасақа зиян келтіру мақсатында супермаркеттегі азық-түліктерге ине шаншыған күдікті ұсталды , - делінген хабарламада.
Полиция мәліметіне сенсек, күдікті Фулхэм сарайының маңындағы Little Waitrose, Sainsbury's Local және Tesco Express атты үш сауда дүкеніне кіріп, сөреде тұрған азық-түлік өнімдеріне ине шаншыған.
Қазіргі таңда супермаркеттер уақытша жабылып, күдікті қолға түсті.
Зақымдалған тағамдардың ішінде өңделген ет пен микротолқынды пешке жылытатын тағамдардың бары анықталды. Қазіргі уақытта қанша азық-түліктің бүлінгені белісіз. Оқиға әлі зерттелу үстінде. Онымен қоса мекеме маңайындағы басқа да дүкендерде тінту жүргізілуде, - деп атап өтті полиция.