Алматы, BAQ.KZ. Жеңіл салмақтағы WBA және WBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Василий Ломаченко әлемнің экс-чемпионы Флойд Мейвезерге қарсы жекпе-жек өткізуге ниетті, деп хабарлады Prosports.kz сайты МатчТВ порталына сілтеме жасап.
«Егер бәрі маған тәуелді болса, мен Мейвезерді таңдаймын. Ол ешқашан жеңілмеген», - деді спортшы.
Украиналық боксшы бұл шайқас оның арманына орындауға айналғанын атап өтті. Естеріңізге сала кетейік, 31 тамызда Лондонда Ломаченко WBC нұсқасы бойынша титулының үміткері Люк Кэмпбеллмен кездеседі.