ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен TikTok және Ғылым және жоғары білім министрлігі бірлесіп #Қазақстанмұғалімдері байқауының қорытындысын шығарды. Аталған байқауда жеңімпаз болған Шымкент қаласындағы Ж. Қаппаров атындағы 5-ші мамандандырылған физика-математикалық мектеп интернатының мұғалімі Байболат Сейдаханмен BAQ.KZ тілшісі сұхбаттасты.
- Әлеуметтік желілерде видео арқылы математика бағытын түсіндіру, #Қазақстанмұғалімдері байқауында жеңімпаз болу қиынға соқпады ма?
- Мен бұл байқауға 2023-2024 оқу жылында, яғни былтыр қатысқанмын. Ол кезде де бірнеше қаралым жинаған болатынбыз. Өкінішке қарай орын бұйырмай қалды. Биыл жүлделі боламын деген мақсатпен жаңа идеялар жинап, көрермендерге қызықты, пайдалы болу мақсатымызбен видео түсіріп бастадық. Осылайша әлеуметтік желілерде математикадағы қиын есертерді түсіндірген бейнероликтерім жақсы қаралым жинай бастады. Маған жеңімпаз болуға нақты не көмек бергенін білмеймін, бірақ менің логикалық сұрақтар қойып түсіретін видео контентім жас талғамай барлығына қызықты болған сияқты. Мен математиканы өмірлік мысалдармен, қызықты оқиғалармен түсіндіремін, осылайша оқу оңай әрі қызықты болады және қызығушылық жоғалтпайды.
![Логикалық сұрақтар жас талғамайды - мұғалім](/userfiles/images/WhatsApp%20Image%202025-02-11%20at%2021_27_50%20(1).jpeg)
- Әлеуметтік желідегі видеоларыңызбен байқау сіздің өміріңізге қалай әсер етті?
- Мен көрерменге де оқушыларыма да пайдалы болуға тырысамын. Логикалық сұрақтар түсірмей қойған кезде оқырмандардың ішінен іздеп, жазатындар көп болды. Менің логикалық сұрақтарымды басқа да мұғалімдердің сабақтарында пайдаланып жатқанын көріп қуанып қаламын. Логикалық сұрақтар ойлау жүйесіне қатты әсер етеді. Сол себептен қандай пән болмасын баланың миын қозғаушы күш болары анық. Ал байқау тек менің өміріме әсер етті деп айтпас едім. Біз байқауға деп түсірген видеолар көпшілікке ұнап, біздің де шабытымызды, жұмысқа деген ынтамызды арттырды.
- Әлеуметтік желіде мұғалімдердің видеоларын көріп жүрміз. Дегенмен математиканы әлеу желі арқылы түсіндіру қиын емес па?
- Қазір барлығы ТікТок қолданады оның ішінде оқушыларда. Оқушылар білім аламын деп кірмейді. Осыны пайдаланып қиын есептер мен түсініксіз тақырыптарды оңай мысалмен көрсетіп тақырыптың қиын емес екенін көрсету керекпіз! Мен есепті шығарып қана қоймай әр елдің методикасында мысалға келтіремін. Бұл оқушылар мен оқырмандардың қызғушылығын тудырады.
![Логикалық сұрақтар жас талғамайды - мұғалім](/userfiles/images/WhatsApp%20Image%202025-02-11%20at%2021_27_50.jpeg)
- Сіздің видеоларыңыз көптеген оқушылардың қызғушылығын тудырып, математкаға бейімділігін артырып жатыр. Осы жайлы айта кетсеңіз.
- Оқушыларға өздері түсінетін нәрсемен жұмыс жасаған оңай сабақта да солай. Оқушылар сабақты түсінсе көп есеп шығаруға қиналмайды. Менің ойымша, тек физика, математика бағында оқушылардың білігі артып жатыр деп айтуға болмайды. Себебі видеодан көрген бөлек осы салада арнайы дайындалу нәтиже тудырады. Біз әлеу желі арқылы балаға математиканың қызығын, қиын еместігі жайлы дәнек себеміз. Ал оны өрбітіп, біліктілігін арттыруға дайындық қажет.
- Әлеу желі арқылы қандай тақырыпты түсіндіру қиынға соқты?
- Математик “Алан Тьюрингтің арқасында Екінші дүние жүзілік соғыс 2-жыл ерте аяқталды”- деген тақырыпты қалай ұсынсам екен деген ой жиырма күндей ойымда жүрді. Ол туралы студент кезден білемін. Универ қабырғасында Тьринг машинасы туралы көп есеп шығардық. Барлық дұрыс информацияларды жинап, ретімен қойып әр жерде түсірдік. Сол видео математика-тек есеп шығару құралы емес, деген тақырыпты ашты. Идеясы ұнаған соң түсіруге қиналмадық. Болашақта осы видеороликтерді топтастырып жинақ етіп шығаруым керек.
-Әңгімеңізге рахмет!