Лионель Месси «ПСЖ-мен» келісім-шартын ұзартпайтын болды. Ол маусым аяқтала салысымен клубтан кетеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Тараптар келісімге келе алмаған. Оған Мессидің мамырда Сауд Арабиясына екі аптаға рұқсатсыз кету себеп болуы мүмкін.
Шетелдік БАҚ-тардың жазуынша, аргентиналық футболшы екі шақырту алған. Бірі Сауд Арабиясының «Әл-Хилаль», екіншісі майамилік «Интер» клубы. «Әл-Хилаль», Месси келісе, екі жыл үшін 1,2 миллиард еуро төлеуге дайын екенін жариялады. Яғни жылына 600 миллион еуро. Бұл Криштиану Роналдудың қазіргі «Әл Насрда» алатын жалақсынан екі есе көп.