Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Кеше түнде Мадридте УЕФА Чемпиондар лигасының финалы өтті.
Еуропаның басты клубтық додасын жеңіп алуға Англияның екі командасы үмітті болды. Олар:«Ливерпуль» мен «Тоттенхэм».
Юргена Клопп шәкірттері былтыр да финалға дейін жеткен. Бірақ ол кезде «Реалға» есе жіберген болатын. Бұл жолы мақсаттарына жетті.
Есепті 2-минутта пенальтиден Моxамед Салаx ашты. Ал ойынның аяқталуына санаулы минуттар қалғанда бельгиялық Дивок Ориги матчтың нүктесін қойды.
Сөйтіп,«Ливерпуль» өз тариxында алтыншы Чемпиондар лигасының кубогын жеңіп алып отыр.
УЕФА Чемпиондар лигасы. Финал «Тоттенхэм» (Лондон, Англия) - «Ливерпуль» (Ливерпуль, Англия) - 0:2 Голы: 0:1 -Салах, 2; 0:2 -Ориги, 87;