Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ливандағы қару-жарақ қоймасында жарылыс болып, алты сарбаз қаза тапты

9 Тамыз 2025, 23:57
508
Бөлісу:
 pexels
Фото: pexels

Ливанның оңтүстігіндегі Тир қаласында қару-жарақ қоймасында жарылыс болып, алты әскери қызметкер көз жұмды, бірнеше адам жараланды. Бұл туралы Reuters агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алдын ала мәліметке сәйкес, оқиға әскерилер қойманың мазмұнын тексеріп, минадан тазарту кезінде болған. Жарылыстың нақты себебі тергеліп жатыр. Ақпарат көздері оның "израильдік оқ-дәрілердің қалдықтарынан" туындауы мүмкін екенін айтады.

Бұған дейін, 1 тамызда Египетте әнші Мохамед Рамазанның концертінде пиротехника жарылып, бір адам қаза тауып, кемінде алты адам жараланған болатын.

Өзгелердің жаңалығы