Ливандағы Израиль шабуылдары: Қаза тапқандар саны 254-ке жетті

Шабуылдар Израиль мен Хезболла қозғалысы арасындағы қақтығыстар барысында орын алды.

 AP Photo / Bilal Hussein Бүгiн 2026, 01:29
Бүгiн 2026, 01:29
113
Фото: AP Photo / Bilal Hussein

Ливанда Израильдің әуе шабуылдарынан қаза тапқандар саны 254 адамға жетті. Сонымен қатар, 1165 адам жарақат алды. Бұл туралы Ливанның азаматтық қорғаныс қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ Al Jazeera-ға сілтеме жасап.

Шабуылдар Израиль мен Хезболла қозғалысы арасындағы қақтығыстар барысында орын алды. Ливанның оңтүстігіндегі Сайд қаласында кафеге жасалған соққыда тоғыз адам қаза тауып, 20-дан астам адам зардап шекті.

Axios порталының хабарлауынша, АҚШ пен Иран арасындағы уақытша атысты тоқтату келісіміне Ливан қатысушы емес, бірақ Иран президенті Масуд Пезешкиан Ливанға қарсы шабуылдарды тоқтату – Иран мен АҚШ соғысын тоқтату шарты екенін айтты.

Наверх