Ливандағы бітімгершілік базасына шабуыл. Қазақстандық офицерлер бар ма

14 Қазан 2024, 11:58
385
Бөлісу:
Ливандағы бітімгершілік базасына шабуыл. Қазақстандық офицерлер бар ма
Фото: Қорғаныс министрлігі

Израиль армиясы Ливандағы бітімгершілік базасына танкпен басып кіріп, 15 сарбазды жарақаттады. Қорғаныс министрлігінде қазақстандық бітімгерлердің жағдайы туралы түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ливанда үш штаб офицері ретінде қазақстандық бітімгерлер штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Аймақтағы жағдайдың тұрақсыздығы олар қызмет ететін жерден шалғайда болып отыр. Жағдай ушыққан кезде қазақстандық әскерилерді эвакуациялау мәселесі БҰҰ хатшылығы және миссия басшылығымен бірлесіп қабылданатын болады. Қорғаныс министрлігі олармен үнемі байланыста, - деп жауап берді Қорғаныс министрілігінде.

Өзгелердің жаңалығы