Ливанда жергілікті өнертапқыш күн қуатымен тағам пісіретін пеш ойлап тапты

18 Сәуір 2023, 17:45
630
Бөлісу:
Ливанда жергілікті өнертапқыш күн қуатымен тағам пісіретін пеш ойлап тапты
Фото: Хабар24

Бұл жаңалық тұрмысы нашар халықтың жағдайын біраз жеңілдетпек, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Хабар24 жазды.

Ауыр экономикалық дағдарысты бастан кешкен Ливанда жанармай тапшы. Осының кесірінен электр энергиясының өндірісі күрт азайып, күніне тек бірнеше сағат жарық беріледі. Кәсіпорындар мен ауруханалар жабыла бастады. Әсіресе наубайханалардың жағдайы мәз емес. Нан мен тоқаштарды дайындау үшін электр энергиясы қажет. 

Ал дизельді генераторларға құятын жер майы жоқ. Тұрғындар амалын тауып, үйлерінің шатырларына Күн батареяларын орнатып жатыр. Ливанда жылына орта есеппен 300 күн шуақты болып тұрады. Жергілікті өнертапқыш Туфик Хамдан Күн қуатымен істейтін пешті ойлап тауып, осы мәселені шешпек. 

Сұйық май осы айналардан өтіп 300-400 градусқа дейін қызады. Бұл жылуын тағам мен сусындар дайындау үшін қолданамыз. Нан, круассан секілді осындай температурада пісетін барлық тағамды шығара аламыз, - дейді компанияның негізін қалаушы Туфик Хамдан.

Тәжірибе ретінде алғашқы пешін Ремхала ауылындағы наубайханада орнатты. Иесі осының арқасында айына 10 тонна отын үнемдегенін айтады. 

Дизель отынын үнемдеумен қатар өніміміздің де сапасы артты. Өйткені таза жылуды қолданамыз, отының иісі жоқ. Мемлекет бізді электр қуатымен қамтымайды, генераторларға тәуелдіміз. Ал отынының бағасы шарықтап кетті. Бұл жоба елдегі әлеуметтік ахуалды жақсартады, - дейді  наубайхана иесі Виссам Шамседдин.

Өзгелердің жаңалығы