Ливанда БҰҰ-ның миссиясын еліміздің бітімгерлік ротасы жалғастыруда

7 Қыркүйек 2019, 06:36
2202
Бөлісу:
Ливанда БҰҰ-ның миссиясын еліміздің бітімгерлік ротасы жалғастыруда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Қарулы Күштерінің 120 әскери қызметшіден құралған екінші бітімгерлік ротасы бес ай бойы Ливандағы БҰҰ миссиясында қызмет етуде. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Қазақстандық бітімгерік рота үндістандық ботальонмен бірге 16 шақырымнан тұратын сеніп тапсырылған аймақты торуылдау сынды белгілі міндеттерді бірлесе орындауда. Бітімгерлер күн сайын жағдайды бақылап отырады және бүгінде ол тұрақты. Патрульдеуден басқа әскери қызметшілер күнделікті блок-бекеттерде қызмет атқарып,  әскери базаларды күшейту мен  күзетіне жауап береді. Сондай-ақ үнді ботальонымен бірге жиі түрде автономдық патрульдеуге шығып тұрады», - делінген хабарламада. 

Бітімгершілік контингенті міндеттерінің бірі – басқа мемлекеттердің бітімгерлік контингенттерінің өкілдерімен және де жергілікті халықпен достық қарым-қатынасты орнату.

«БҰҰ-ның Ливандағы уақытша күштері» миссиясының басшылығы, сондай-ақ үнді батальонының басшылығы Қазақстан армиясы әскери қызметшілерінің дағдылары мен кәсіпқойлықтарына жоғары баға беруде. Миссияны орындаудағы қысқа уақыт ішінде бітімгерлік ротаның әскери қызметшілері «кәсіби-бітімгерлер» деген атақты абыроймен атқарып шықты. Қазақстан мен Үндістан үкіметі арасындағы «Үнді батальонының құрамына қазақстандық бітімгершілік контингентін орналастыру тәртібі туралы» келісімге сәйкес екінші бітімгерлік рота Ливанға 6 ай мерзімге бірінші ротаны ауыстыру үшін жіберілді», - дейді мамандар. 

«БҰҰ-ның Ливандағы уақытша күштері» - бұл Қазақстан Қарулы Күштерінің тарихындағы біздің бітімгерлік контингент тікелей қатысып жатқан алғашқы миссия. Осыған дейін қазақстандық әскери қызметшілер тек бақылаушы ретінде ғана қатысқан.

Ведомстводан атап өткендей, қазақстандық бөлімшелердің миссияға қатысуы халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға септігін тигізеді және де Қазақстанның халықаралық қоғамдастықтың жауапты мүшесі ретінде беделін арттырады.



Өзгелердің жаңалығы