Литва үкіметі Беларусьпен шекарадағы Мядининкай және Шальчининкай өткізу пункттерін бір ай мерзімге жабу туралы шешім қабылдады. Бұл шектеулер 29 қазаннан 30 қарашаға дейін күшінде болады, деп хабарлайды BAQ.KZ LRT басылымына сілтеме жасап.
Шальчининкай–Бенякони өткелі толығымен жабылады. Ал Мядининкай (Каменный Лог) бекеті тек кей санаттағы азаматтарға ашық қалады.
Бұл өткел арқылы дипломаттар, Калининградқа транзитпен өтетіндер, Литва азаматтары мен ЕО және НАТО елдерінің тұрғындары, сондай-ақ Литвада тұруға ықтиярхаты бар адамдар ғана өте алады. Гуманитарлық рұқсат та қарастырылған, - деді Литваның ішкі істер министрі Владислав Кондратовичиус.