Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Лионель Месси МЛС бомбардирлер жарысында көш бастады

21 Қыркүйек 2025, 18:12
408
Бөлісу:
 fcbarcelona.com
Фото: fcbarcelona.com

"Интер Майами" клубының шабуылшысы Лионель Месси Солтүстік Америка лигасы – МЛС-тің үздік сұрмергендер тізімінде бірінші орынға шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ Report агенттігіне сілтеме жасап.

«Ди-Си Юнайтедке» қарсы өткен ойында «қызғалдақтар» 3:2 есебімен жеңіске жетті. 38 жастағы аргентиналық футболшы дубль жасап қана қоймай, бір нәтижелі пас берді. Осылайша, Мессидің биылғы маусымдағы голдар саны 22-ге жетті.

Оның ең жақын қарсыласы – "Нэшвилл" клубының шабуылшысы Сэм Сарридж, оның еншісінде 21 гол бар. Ал үшінші орында "Лос-Анджелес" сапындағы габондық Денис Буанга – 19 голмен.

28 матчтан кейін "Интер Майами" турнир кестесінде 52 ұпаймен бесінші орынға жайғасып отыр.

Өзгелердің жаңалығы