Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Top Rank промоутерлік компаниясы орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының (8-0, 4 КО) кезекті жекпе-жегін ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
27 жастағы қазақстандықтың қарсыласы «сиқыршы» лақап атымен танымал 23 жастағы аргентиналық Гонсало Кориа (16-3, 6 КО) болады. Өз елінде орта салмақтағы үздік боксшы. Кориа кәсіпқой рингтегі 19 жекпе-жектің үшеуінде жеңілген. Үш жеңілісті де төрешілер шешімімен ұтылған.
Осы күнге дейінгі соңғы жекпе-жегінде Гонсало Кориа 2019 жылдың 28 маусымында мексикалық Маркос Рейесті (37-8, 28 КО) жеңіп, WBC FECARBOX орта салмақтағы титулын жеңіп алды.
Еске салайық, Әлімханұлы мен Кориа арасындағы жекпе-жек 9 қазанда Лас-Вегаста MGM Grand аренасында өтеді.