Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі Лима Диас өзінің Facebook-тегі парақшасында Қоғамдық бақылау жұмысын реттеуге жауапты адам ретінде бекітілгенін айтты.
Оның айтуынша, күннен күнге белсенді азаматтар қатары көбейіп келеді.Әр адамның азаматтық жауапкершілігінің арқасында біз пандемияны ертелі-кеш жеңіп шығамыз! Қазір аурудың меңдеп тұрған кезінде халықтың қалай күш біріктіріп жатқанын көріп жатырмыз. Осы орайда Қоғамдық бақылау да маңызды. Белсенді қазақстандықтар күнделікті волонтерлар қатарын толтырып, еліміздің пандемиямен күресіне барынша атсалысып жатыр. Осындай мәселелерге бей-жай қарамайтын белсенділер медициналық мекемелер ішінде қоғамдық бақылау жүргізіп жатыр, - деді ол.Ол Қоғамдық бақылау құру мәселесіне қолдау білдірген министрдің бастамасы жөнінде айтты.
Бұл мәселені Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой да көтерді. Бұндай кезде мемлекет осындай бастамаларды қолдап, көмек көрсетуге дайын екендігі қуантады. Біраз уақыттан бері мен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның кеңесшісімін. Бүгін маған Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі тарапынан ауруханаларда Қоғамдық бақылау жұмысын үйлестіру тапсырылды. Бұл ретте министрдің айтуынша, Қоғамдық бақылау пандемия енді белең алып жатқаннан бері қызмет етіп келе жатқан медициналық қызметкерлер жұмысына кедергі келтірмеуі керек, - деді ол.
Аида Балаеваның кеңесшісі Қоғамдық бақылау жұмысы дәрігерлерге кедергі келтірмеу керек екенін айтты.
Сол себепті Қоғамдық бақылау ең алдымен дәрігерлердің қажырлы еңбегіне тосқауыл болмай, керісінше көмегін тигізуі керек. Қазір ең бірінші бақылау мен мониторингілеудің тиімді механизмдерін әзірлеу керек, содан кейін қысқа мерзім ішінде белсенділерді біріктіру керек, сосын БАҚ пен мемлекеттік органдардың өзара жұмысын реттеу қажет. Егер сіздің Қоғамдық бақылау тобына қатысты ойыңыз, ұсыныстарыңыз болса немесе топқа мүше болғыңыз келсе, diaslimakz@gmail.com поштасына немесе 87019827056 нөміріне хабарлассаңыз болады, - деп қорытындылады сөзін ол.
Еске салсақ, бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой әлеуметтік желіде науқастарға дәрі-дәрмек жетіспей жатыр деп үндеу жолдаған Аида Боқаеваға жауап беріп, Қоғамдық бақылаудың құрылуын қолдайтынын айтты.