Әли Балоевтың әлемдік рейтингтегі орны айтарлықтай жоғарылады

<h4>Астана, BAQ.KZ тілшісі.&nbsp;Қазақстандық боксшы Әли Балоевтың BoxRec әлемдік рейтингіндегі орны 151-сатыға көтерілді. Қазір ол крузервейтте 101-орында тұр.</h4>

 28 Ақпан 2019 2019, 17:05
28 Ақпан 2019 2019, 17:05
2227

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстандық боксшы Әли Балоевтың BoxRec әлемдік рейтингіндегі орны 151-сатыға көтерілді. Қазір ол крузервейтте 101-орында тұр.

Бұған дейін оның менеджері Руслан Әлиев боксшының нигериялық Идрис Афинниді жеңгеннен кейін орны көтерілмегеніне наразы болған.

Әли фанаттарына алдағы уақытта жаңа кездесу болатынын жеткізді. Бұл туралы ол Инстаграмм парақшасында жазды.

Айта кетейік, кеше Әли Балоев 26 жасқа толды.

Рахиля БЕКНАЗАРҚЫЗЫ

Наверх