Алматыда бір топ белсенді Мәжіліс депутаттары бастама жасаған дәстүрлі емес жыныстық қатынастарды насихаттауға тыйым салу туралы заңға түзетулерді қолдау мақсатында жиын өткізді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Белсенділер дәстүрлі емес жыныстық қатынастарды насихаттауға тыйым салу туралы нормалар балалар мен жастардың құқықтарын қорғайтынын және Қазақстан халқының талаптарына толық жауап беретіндігін мелімдеді.
Құқық қорғаушы Бағила Балтабаеваның айтуынша, депутаттардың бұл шешімі петиция институтының жұмыс істеп тұрғанын көрсетті. Оның бастамасымен 50 мыңнан астам қолдаушы жинаған петиция өз көрінісін нақты нормаларда тапты.

"Қазақстандық қоғамдық даму институты” КеАҚ-ның әлеуметтанушылық зерттеулерді сауалнамасына сәйкес респонденттердің 90,5%-ы гомосексуалдық қатынастарды қолдамайды деп бағалаған, сауалнамаға қатысқандардың 86,7%-ы бұл жыныстық қатынастарға теріс пікір білдірген, 22%-ы ерлі-зайыптылардың бірінің дәстүрлі емес жыныстық бағдарын білсе, ажырасуға дайын екенін айтқан, – деді ол.
Белсенділердің айтуынша, дәстүрлі емес жыныстық бағдар мен педофилияның оң имиджін қалыптастыру мақсатында таратылатын кез келген ақпарат насихат ретінде жіктелетіні нақты көрсетілген.

Дәстүрлі емес жыныстық бағдарды насихаттауға тыйым салу тек белгілі бір идеологияны, әсіресе кәмелетке толмағандарға мәжбүрлеуді болдырмауға бағытталған. Осылайша, бұл тыйым сөз бостандығын шектеу ретінде емес, қоғамды, әсіресе мен балаларды, оның ішінде психикалық денсаулығын қорғау шарасы ретінде қарастырылуы тиіс, бұл сөз бостандығына қайшы емес, – деді Бағила Балтабаева.
Айта кетейік, дәстүрлі емес жыныстық қатынастарды насихаттауға тыйым салу “Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы”, "Жарнама туралы", “Мәдениет туралы”, “Білім туралы”, “Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабы тигізетін ақпараттан қорғау туралы”, “Кинематография туралы”, “Онлайн-платформалар және онлайн-жарнама туралы”, “Масс-медиа туралы” заңдарға енгізіледі.