Әлеуметтік желілерді халықпен жедел байланыс орнатуда пайдаланып келеміз – Байбек

20 Ақпан 2019, 11:06
1726
Бөлісу:
Әлеуметтік желілерді халықпен жедел байланыс орнатуда пайдаланып келеміз – Байбек

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Әлеуметтік желілер халықтың көңіл-күйі мен қоғамдағы мәселелердің айнасына айналды. Біз әлеуметтік желілердің халықпен жедел байланыс орнатуда пайдаланып келеміз. Бұл туралы Алматы әкімі Бауыржан Байбек тұрғындармен есепті кездесу барысында айтты.

  
Қала әкімі қазір әлеуметтік желілер арқылы қоғамдағы барлық мәселе, оның ішінде жақсы нәрселер де, қайғылы оқиғалар да кеңінен таралып жатқанын айта келе, әлеуметтік желіні халықпен тығыз байланыс орнатуда қолданып отырғандықтарын жеткізді.

«Өткен жылы интернет арқылы тікелей «Нұр Отан» фракциясына, Мәслихат депутаттарына, Қоғамдық кеңеске, Open Алматы қоғамдық қабылдауына жалпы 197 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Мұның барлығы қаламыздағы қандай мәселеге көңіл бөлу керектігінде нақты хабар беретін құрал. Осындай өтініштерді ескерудің арқасында қала бюджеті сарапталып, қажетінше қайта қаралып отырады. Қаржы тек нақты мәселелерді шешуге бағытталады. Соның нәтижесінде қоғамдық көлікке қатысты шағымдар осы күнде 5%, көгалдандыру мен көше тазалау, сондай-ақ пәтер иелері кооперативтеріне қатысты шағымдар 27% азайды. Дегенімен, шешімін таппаған мәселелер әлі де жетерлік», - деді ол. 

Сонымен қатар ол, көпбалалы аналармен кездесіп, екі сағаттай сөйлесіп мазмұнды отырыс болғанын айтты.

«Сындарлы ұсыныстардың қайсысы болсын ескерусіз қалмайды. Көпбалалы аналардың көбі Алматы қаласында тіркеуде жоқ. Түркістан, Жамбыл және өзге облыстардан келгендер. Біз іле-шала өңірлердегі әріптестерімізбен байланысып, оларға бізге келген аналардың мекенжайларын, байланыс мәліметтерін жолдадық. Олар да тиісті кездесулер өткізуде.  Біз барлық өтініштерді сараптап шықтық, олардың басым көпшілігі тұрғынүй, коммуналдық қызметтерді төлеу, жәрдемақы мөлшерін арттыру, оқу және жұмысқа орналастыру»,-деді қала әкімі.
Әділет МҰСАХАЕВ
Өзгелердің жаңалығы