Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алдағы кезектен тыс Президент сайлауға байланысты жеке тұлғалар әлеуметтік желіде сауалнамада ұйымдастыруына болмайды. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясында өткен баспасөз мәжілісінде ҚР Бас прокурорының орынбасары Болат Дембаев айтты.
Оқи отырыңыз:
Ол еліміздегі БАҚ өкілдерінің бірі осындай сауалнама ұйымдастырғанын мысал ретінде айтып өтті. Қазіргі кезде аталған БАҚ-тың құрылтайшысы әкімшілік іс бойынша шақырту алғанын жеткізді.
Бас прокурордың орынбасары сондай-ақ сайлау күні коғамдық пікірді білу мақсатында сайлау учаскелерінде сауалнама ұйымдастырмауға шақырды.
Сауалнама ұйымдастырған тұлға интернет-ресурс, әлеуметтік желі, мессенджерді пайдаланып, нәтижені жарияламауы тиіс. Бұл сайлауға қатысты фейк ақпараттың алдын алу мақсатында жасалып отыр.