Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2019 жылғы әлемдегі ең ықпалды елдердің рейтингі жарияланды. Бұл туралы usnews.com хабарлады.
Басылымның мәліметінше, рейтингіде жаңалықтардың тақырыбында көп аталатын, жаһандық экономикалық модельдерді қалыптастыратын, саяси аренада беделді, әскери қуатты елдер бағаланады.2019 жылы ықпалды елдердің рейтингісін VMLY & R жаһандық маркетингтік коммуникациялық компаниясының бөлімшесі BAV Group пен Пенсильвания университетінің Wharton School серіктестігімен әзірленді.
Әлемнің 80 еліндегі 20 000 адамнан сауалнама алынды. Рейтингі басында ең ықпалды ел ретінде АҚШ тұр. Келесі – Ресей. Үштікті Қытай қорытындылады. Көшбасшы елдерг қатарына Германия, Ұлыбритания, Франция және Жапония кірді. Израиль мен Сауд Арабиясы сегізінші және тоғызыншы орындарға ие болды. Оңтүстік Корея бір қатарға көтеріліп, ондықты түйіндеді. Қазақстан бұл рейтингіде 2 позиция төмендеп, 43 орыннан көрінді.