Астана, BAQ.KZ. Шотландияның Сент-Эндрюс университетінде 133-140 жыл бұрынғы Менделеевтің химиялық элементтер кестесі табылды. Қазіргі таңда бұл ең ескі кесте болып отыр. Бұл туралы Science Alert басылымы хабарлады.
Зерттеуші Алан Айткен неміс тілінде жазылған элементтер кестесін химиядан лекция оқитын аудиторияның қоймасындағы химикаттар мен лаборатория құралдарының арасынан тауып алған. Лос-Анджелестегі Калифорния университетінің сарашылары кестені тексеріп, химиялық элекменттердің ашылған жылдарына байланысты қай жылы басылғанын анықтады. Кестеде 1875 және 1885 жылдар аралығында ашылған галлий және скандий элементтері бар да, 1886 жылы ашылған германий элементі көрсетілмеген.Табылған плакат қалпына келтіріліп, Сент-Эндрюс университетінде сақталады.
Айта кетейік, Менделеев кестесі – элементтердің әртүрлі қасиеттерінің атом ядросы зарядына тәуелділігін белгілейтін химиялық элементтердің жіктелу реті.