Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биылғы жылдың соңына қарай әлемде 140 миллиондай адам жұмыссыз қалуы мүмкін. Ал коронавирустың екінші толқыны болса, бұл көрсеткіш 340 миллионға жетуі ықтимал. Бұл туралы Халықаралық еңбек ұйымы мәлімдеді.
Ұйымның дерегінше, пандемия салдарынан биылғы жылдың екінші тоқсанында 400 миллион адам жұмысынан айырылған. Жұмыссыздық зардабын әсіресе әйел адамдар тартуы мүмкін дейді мамандар.Вирустың таралуына тосқауыл қоя алмай отырған елдердегі ахуалды көріп отырмыз. Жұмыссыздар саны артты, кіріс көлемі азайды. Әрине, әр елде жағдай әртүрлі. Бірақ барлық мемлекет экономикалық тұрғыдан да, әлеуметтік тұрғыдан да қиын кезеңге тап болды. Індеттің кесірінен әсіресе дамушы елдер қатты зардап шекті, - деді халықаралық еңбек ұйымының бас директоры Гай Райдер.
Пандемия кесірінен Францияның Airbus компаниясы 15 мың қызметкерді жұмыстан шығармақ. Алдын ала мәліметке қарағанда Германияда - 6 мың, Францияда – 5 мың, ал Ұлыбританияда 1700 орын қысқарады. Компания басшылығының мәлімдеуінше, штат санын азайту тығырықтан шығудың жалғыз амалы.
Оқи отырыңыз: