Әлемде COVID-19 жұқтырғандардың саны 8 млн 300 мыңнан асты

18 Маусым 2020, 09:28
1516
Бөлісу:
Әлемде COVID-19 жұқтырғандардың саны 8 млн 300 мыңнан асты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус хабарлады.

Оның айтуынша, егер коронавирус пандемиясы басталғалы алғашқы екі айда 85 мың адам вирус жұқтырса, соңғы екі айда дертке шалдыққан 6 млн-ға жуық науқас тіркелді, деп хабарлайды "Хабар 24".

Пандемия басталғалы індеттің ілмегіне ілінген 440 мың 290 адам жан тапсырды. Науқастар саны бойынша АҚШ елі көш бастап тұр. Онда 2 млн 160 мыңнан астам адам вирус жұқтырған. Бұл Джонс Хопкинс университетінің мәліметі. Ал Бразилияда дертке шалдыққандардың қатары 1 млн-ға жуықтады. Мамандар аймақта эпидемия әлі де шарықтау шегіне жеткен жоқ дейді. Болжам бойынша шілде айында жағдай одан бетер нашарлауы мүмкін. Ал келесі орында Ресей тұр. Көрші елде 500 мыңнан астам тұрғынға диагноз қойылған.


Өзгелердің жаңалығы