Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 6,1 миллион адамның 380 мыңнан астамы көз жұмған, ал, 2,9 млн-нан астам адам дерттен сауығып кетті.
COVID-19 індетін жұқтырғандардың жалпы саны әлем бойынша 6,4 миллионнан асты. Мұндай мәлімет 2 маусымда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы сайтында жарияланды. ДДҰ-ның соңғы мәліметтеріне сәйкес, 6,1 миллион адамның 380 мыңнан астамы COVID-19-дан көз жұмған, ал, 2,9 млн-нан астам адам дерттен сауығып кетті.
Жаңа үлгідегі коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайлары көбінесе, Солтүстік және Оңтүстік Америкада тіркелген - 2,9 миллион. Антирейтинг көшбасшысы ретінде екі ел тұр. Олар АҚШ - 1,7 млн және Бразилия - 514 мың пациент вирус жұқтырған. Сондай-ақ, коронавирустан зардап шеккен он елдің ішінде Ресей, Испания, Ұлыбритания, Италия, Үндістан, Франция, Германия, Перу елдері бар.
Бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Гебрейесус коронавирус пандемиясы балаларды өзге де қауіпті ауруларға қарсы вакцинациялауға кедергі келтіріп отырғанын мәлімдеген болатын.