Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Америкалық баскетболшы Лейкерс Леброн Джеймс Associated Press агенттігінің тұжырымы бойынша «Жылдың үздік спортшысы» атанды.
Дауыс беру кезінде ол Канзас Ситидің қорғаушысы Патрик Махомес пен Формула-1 спортынан әлем чемпионы Льюис Хэмилтонды озды.
Айта кетейік, 35 жастағы Джеймс осымен төртінші рет жылдың үздік спортшысы атанып отыр. Ол бұған дейін 2013, 2016 және 2018 жылдары жеңіске жеткен.
Мен адамдарды баскетбол ойнауға қызықтырғым келеді. Бірақ сонымен бірге адамдарды әділетсіздікке қарсы күресте бір болғанын қалаймын. Енді мен паркеттен тыс жерде де көбірек ықпал ете аламын, - деді Джеймс.