Ләззат Сүлеймен: Өзін-өзі басқаруды дамытуға құқықтық база толықтай ықпал ете алмайды

1 Желтоқсан 2022, 12:07
1790
Бөлісу:
Ләззат Сүлеймен: Өзін-өзі басқаруды дамытуға құқықтық база толықтай ықпал ете алмайды

Бұл туралы депутат Ләззат Сүлеймен Сенаттың жалпы отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.  

Сенатор Ләззат Сүлеймен Үкімет басшысының атына жолдаған депутаттық сауалында жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелерін көтерді. Ол жергілікті өзін-өзі басқаруды реттеу жөніндегі қабылданған заңдар мен заңнан кейінгі актілер бола тұра қолданыстағы күйінде саланың толық жұмыс істеуіне кедергі келтіретін проблемалар бар екенін жеткізді.

Қолданыстағы құқықтық база жергілікті өзін-өзі басқарудың нақты дамуына оң ықпал етпейді немесе заңнан кейінгі актілер халықтың жағдайы мен пікірі ескерілмей қабылданады. Қазіргі уақытта облыстардың шағын ауылдық округтерінде қоғамдық кеңес қызметін атқаратын жергілікті қоғамдастық жиналысын сайлау мүмкін емес. Өйткені мәслихаттардың 2014 жылғы шешімімен дауыс беруге құқығы бар тұрғындардың саны жергілікті қоғамдастық жиындарындағы өкілдер санының 1%-құрайды, - деді Ләззат Сүлеймен.

Сенатор жергілікті қоғамдастықтар жиналысының өз бетінше әрі жауапты жұмыс істеуі үшін құқықтық жағдай жасау қажет деп санайды. Айтуынша, осы және басқа да кемшіліктер қазіргі уақытта жергілікті қоғамдастық жиналысында бюджеттік бағдарламаларды талқылау, жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын қарау, бюджет қаржысының пайдаланылуына мониторинг жүргізу сияқты өкілеттіктерді толық көлемде жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді.

Осыған байланысты, жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарына қатысу үшін тең өкілдікті қамтамасыз ету әдістемесін әзірлеуді ұсынамын. Кворум және жергілікті қоғамдастық жиынының сайланған өкілдері болған кезде аудандар мен ауылдық округтер әкімдерінің есептерін жүргізуді қамтамасыз ету керек. Жергілікті қоғамдастықтардың бөлек жиындары мен жалпы жиындарын өткізудің заңдылығын қамтамасыз ету жөніндегі тиісті ұйымдастыру және құқықтық шаралар қабылдасын, - деді сенатор.

Өзгелердің жаңалығы