Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Лавров: "Украина бойынша келісім мүмкін, бірақ бір шарт бар"

Олжас АДАЙ
25 Сәуір 2025, 09:34
2410
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Ресей Украина бойынша АҚШ-пен келісімге келуге дайын, бірақ әлі де келісуді қажет ететін тұстары бар, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров CBS News-ке берген сұхбатында мәлімдеді.

АҚШ президенті біз дұрыс бағытта келе жатырмыз деп есептейді. Бұл орынды деп ойлаймын. Президент өз мәлімдемесінде келісім туралы айтты, біз келісімге келуге дайынбыз. Бірақ әлі пысықталуы тиіс жекелеген жайттар бар. Қазір біз дәл осы процесспен айналысып жатырмыз, — дейді Лавров.

22 сәуір күні Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков Уиткофтың осы аптада Мәскеуге баруды жоспарлап отырғанын хабарлады. Axios дерегінше, Трамптың арнайы өкілінің Путинмен келіссөздері 25 сәуірде өтуі мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы