Лаура Демесінова: Болашақ – әлем студенттері қызыға қарайтын бағдарлама

22 Наурыз 2019, 14:15
2105
Бөлісу:
Лаура Демесінова: Болашақ – әлем студенттері қызыға қарайтын бағдарлама

Солтүстік Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ширек ғасыр бұрын ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қаулысымен «Болашақ» халықаралық білім бағдарламасы қабылданды. 13 мыңға жуық қазақстандық жас стипендия иегері атанды. Елбасының жастарға сыйлаған мүмкіндігін мүлт жібермей, шетелде білім алып, қазір ел игілігіне қызмет етіп жүрген «Болашақ» қауымдастығының атқарушы директоры Лаура Демесінованың аталған бағдарлама жайындағы пікірін білген едік.

«Бүгінгі күні еліміз өз тарихында өте маңызды әрі жауапты кезеңді басынан кешіруде. Осы уақытқа дейін мемлекетімізде талай қоғамдық-саяси жаңалықтар болды. Еліміз өркендеп, алға басып келеді. Біздің де жас мемлекетпен қатарласа бұғанамыз қатайды.

Президентімізді алғаш рет 1993 жылы көрдім. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Талдықорған қаласына келіп, биік мінберден халық алдында сөз сөйледі. Анам мені иығына отырғызып, Елбасын көрсетті. Мен Президентке жақын бара алмадым. Дегенмен, оның осы бейнесі менің балалық санамда бір көргеннен қуатты, ашық, мейрімді адам ретінде сақталып қалды.

Содан бері көп жыл өтті. Елбасы бекіткен бағдарлама бойынша білім алып, Елбасы негізін қалаған сүйікті қаламда тұрып жатырмын.

«Болашақ» әлемнің барлық студенттері қызыға қарайтын бағдарлама. Елбасының арқасында мыңдаған жас әлемнің ең үздік жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндікке ие болды.

Қазақстан Республикасының алғашқы Президентіне айтар алғысым шексіз. Еліміздің аспаны ашық, әр күні бейбіт болсын дегім келеді. Мен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың алдында адалмын. Өз Президентімді мақтан тұтамын! Ол бүгінде әлем мойындаған қазақ елінің аяғынан тік тұрып, алға қарай сенімді қадам басуына, бүгінгі жеткен биігіне көтерілуге аянбай тер төкті», - деді ой бөліскен Лаура Демесінова.

Өзгелердің жаңалығы