Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов Президент жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
Ахметжанов жыл сайын мыңдаған жемқордың ұсталғанын баяндау үшін осы тәсіл жеткілікті болатынын айтты.Біз бүгін агенттік жұмысын толығымен қайта құрдық. Бүгінге дейін агенттік қылмыстық қудалау тәсілімен жұмыс істеді. Айыптау бағыты басымырақ болды. Экономикалық қылмысқа және жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі деп аталатын едік. Шулы қамаулармен бағаланатын еді. Бұл жұмыс әдісі сол заманның жемқорлық сипатына сәйкес болды. Жұмыс тәсілдері өте қарапайым еді. Қылмыскерді пара алу үстінде ұстайсың, қамайсың, кінәсін мойындатып тезірек тергеуді аяқтап сотқа жібересің, - деді ол.
Антикор басшысы Мемлекет басшысы да жемқорлықтың шартын жоймай, жемқорлықпен күресу мүмкін емес деген пікірде екенін жеткізді.Қоғам да Антикордың жұмысын осындай көрсеткіштермен бағалауға үйреніп қалған сияқты. Бірақ тек лауазымды тұлғаларды ұстау жүйелі проблемаларды шешпейтінін түсіну керек. Мұндай тәсіл жемқорлық пен оның себептерін жоймады. Ұсталған парақордың орнына басқасы келіп, жұмысты жалғасытрады, - деді Марат Ахметжанов.