Ластаев сарапшылармен азаптаулардың алдын алу мәселелерін талқылады

Кеше, 20:23
157
Бөлісу:
Ластаев сарапшылармен азаптаулардың алдын алу мәселелерін талқылады
PHOTO
Фото: Адам құқықтары жөніндегі уәкілі

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесі БҰҰДБ сарапшысымен бірлесіп 2024 жылы азаптау және басқа да қатыгездікпен күресу жөніндегі зерттеу нәтижелерімен танысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Зерттеу нәтижелерін Уәкіл жанындағы Сараптамалық кеңестің мүшесі Рахымбек Мамырбаев баяндады.

Жиынға мемлекеттік органдардың – Бас прокуратураның, Ішкі істер министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Әділет министрлігінің өкілдері, Парламент депутаттары, ғалымдар мен шақырылған сарапшылар қатысты.

Ластаев сарапшылармен азаптаулардың алдын алу мәселелерін талқылады

Зерттеу ағымдағы жағдайды және халықаралық тәжірибені талдауды ескере отырып жүргізілді, нәтижесінде заңнамаға өзгерістер енгізуді және ұйымдастыру шараларын қабылдауды талап ететін бірқатар ұсыныстар әзірленді;

Атап айтқанда, адвокаттың міндетті қатысуымен қаралатын істердің аясын кеңейту, азаптау мен қатыгездікпен қараудан зардап шеккендерге келтірілген зиянды өтеу тетігін жетілдіру, сотталғандардың карантинде болу уақытын қысқарту және т.б. қатысты ұсыныстар айтылды.

Талқылауға қатысушылар ұсынылған ұсынымдарға өз көзқарастарын білдірді, ықтимал тәуекелдерді айтты және жарияланған бастамаларды жүзеге асыруға қолдау көрсетуге дайын екендіктерін жеткізді.

Отырысты қорытындылаған Омбудсмен Артур Ластаев пікірталас нәтижелі де сындарлы өткенін атап өтті.

Ластаев сарапшылармен азаптаулардың алдын алу мәселелерін талқылады

Біз одан әрі дамытуды талап ететін негізгі мәселелерді анықтадық, келесі қадамдарды белгіледік және ұсынымдар мен Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің арнайы баяндамасын дайындау бойынша жұмысты жалғастырамыз», - деді Артур Ластаев.

Кездесу соңында Уәкіл өкілдерге мазмұнды талқылау және тұжырымдамалық ұсыныстары үшін алғыс білдірді.

Өзгелердің жаңалығы