Lada көліктерін кері қайтаруда

<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен жылдың қыркүйек айында АВТОВАЗ марка дилерлеріне он мың автокөліктегі тежеуішті вакуумдық күшейткіштің кері клапанын тексеру талап етілген хат жолдады,&nbsp;деп хабарлайды&nbsp;<a target="_blank" href="https://kolesa.kz/content/kz/news-kz/lada-kolikterin-keri-qajtaruda/">kolesa.kz</a>.</h4>

13 Наурыз 2020 2020, 13:57
АВТОР
 13 Наурыз 2020 2020, 13:57
13 Наурыз 2020 2020, 13:57
1961

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен жылдың қыркүйек айында АВТОВАЗ марка дилерлеріне он мың автокөліктегі тежеуішті вакуумдық күшейткіштің кері клапанын тексеру талап етілген хат жолдады, деп хабарлайды kolesa.kz.

Енді осыған байланысты сервистік науқан жариялау жөнінде шешім қабылданды. Қамтылатын Lada Vesta, XRAY және Largus үлгілерінің саны 12 192 данаға жеткен.

Қолда бер деректерге сәйкес, ақау вакуумдық цилиндрдегі қысымның жеткіліксіз болуынан не мүлде болмауынан көрінеді. Жүргізушілер мұны тежеуіш педалін басқанда сезе алады.

Тізімге енген көліктердің барлығы сервистік бекеттерде тексеріліп, қажет болған жағдайда мамандар клапанды жаңасына тегін ауыстырып береді.

Наверх