“La Bella Principessa”: Астаналықтар Леонардо Да Винчи картинасын көре алады

6 Маусым 2024, 23:40
558
Бөлісу:
“La Bella Principessa”: Астаналықтар Леонардо Да Винчи картинасын көре алады
PHOTO
Фото: автордан

Астанада Леонардо Да Винчидің “La Bella Principessa” атты туындысы ұсынылды. Атап айтар болсақ, туынды Орталық Азияда алғаш рет қойылмақ, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

“La Bella Principessa” – Леонардо Да Винчидің ең жұмбақ және құнды туындыларының бірі, оның Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіндегі көрмесі мәдениет саласындағы байланыстар мен халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған маңызды оқиға.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы Күміс Сейітова бұл көрме Қазақстан мен Италия арасындағы мәдениет пен өнер саласының дамуына жаңа серпін беретініне сенім білдірді

Ұлттық музей өзінің ең алғашқы 10 жылдық мерейтойын атап өтіп жатыр. Музей ашылған күннен бүгінге дейін елорда қонақтары мен тұрғындарының сүйікті орындарының біріне айналды деп айтуға болады. Мемлекет басшысы мәдениет пен өнердің дамуына үлкен мән беріп отыр. Қасым-Жомарт Кемелұлы Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында сөйлеген сөзінде ұлттық тарихтың ауқымын жан-жақты түсініп, мәдени мұрамызды қорғап және насихаттау қажеттілігіне ерекше көңіл бөлді. Осы ретте еліміздегі музейлер маңызды рөл атқарады, - деді комитет басшысы.

“La Bella Principessa”: Астаналықтар Леонардо Да Винчи картинасын көре алады

Ол Президент еліміздегі жетекші 3 музейге ұлттық мәртебесі беруді тапсырғанын қоса кетті.

Біздің еліміз халықаралық гуманитарлық шараларға ерекше мән береді. Леонардо Да Винчидің “Әдемі ханшайым” атты көрмесі осы іргелі істердің нақты дәлелі. Леонардо Да Винчи - кескіндеме, ғылым, инженерия және басқа да көптеген салаларда жемісті еңбек еткен ұлы тұлғалардың бірі. Оның әлемді өзгеше көру таланты мен қабілеті бірқатар ғажайып бейнелеу өнері туындыларын жасауға, түрлі салаларда бірегей жаңалықтар ашуға мүмкіндік берді. Оның шығармашылығы мен инновациясы бүгінге дейін баршаңызға шабыт береді. Осы шара Қазақстан мен Италия арасындағы мәдениет пен өнер саласының дамуына жаңа серпін береді деген сенімдемін, - деп пікірін бірдірді Күміс Сейітова көрменің ашылуына орай ұйымдастырылған баспасөз конференциясында.

“La Bella Principessa”: Астаналықтар Леонардо Да Винчи картинасын көре алады

Леонардо Да Винчидің «La Bella Principessa» картинасының көрмесі Ренессанстың ұлы шеберінің түпнұсқа туындысы ретінде танылған әлемдік өнер жауһарымен танысудың бірегей мүмкіндігін ұсынады.

“La Bella Principessa”: Астаналықтар Леонардо Да Винчи картинасын көре алады

Ал Италияның Қазақстан Республикасындағы елшісі Ж.М. Марко Альберти көрменің маңызына тоқталды.

Алдымен 3 сұраққа жауап беріп алсам. Бұл көрме неліктен қажет? Өйткені біз бүгін сіздерге мәдениетті ілгерілету үшін ерекше, қарапайым, бірегей контекстті ұсынғымыз келді. Біз оны біздің елдеріміз арасында өте маңызды кірпіш деп санаймыз. Мәдениеттер диалог арқылы байланысады, бизнес пен мәдениет пайда болады, яғни елдер арасындағы ілгерілеу олардың арасындағы қарым-қатынас саналады. Көрме неліктен биыл өткізілгелі отыр? Өйткені бұл жылы Президент Тоқаев Римде іс сапармен болды. Біз жаңа итальялық мәдениет институтын аштық. Елдеріміз арасында сауда да дамып келеді. Біз осы тамаша, ерекше жылды есте сақтауымыз керек. Неліктен Леонардо? Өйткені Леонардо Италияның шынайы бейнесін көрсетеді. Шығармашылық, талант, даму, болашаққа деген көзқарас. Сол себепті біз Леонардоны таңдадық. Қазір инновация заманы. Ол әлемді өзгертіп, дәстүр мен жаңашылдықты біріктіреді, - деп айтты дипломат.

“La Bella Principessa”: Астаналықтар Леонардо Да Винчи картинасын көре алады

Италия мәдениет институтының директоры Эдоардо Кризафулли бұл көрме мәдениетіміз бен адамның рухани дамуын білдіретінін айтты. Ол алдағы уақытта басқа да бірлескен жобалар болатынына сенім білдірді.

Леонардо Да Винчи біз үшін жай суретші ғана емес, ол өз заманының данышпаны. Бүгінгі жоба Италияның Қазақстандағы елшілігі, Forte bank, Master card, Криптомания компаниясы, Италия мәдениеті институты, сонымен бірге ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылды. Көрмені ұйымдастыру оңай болған жоқ. Көп уақыт пен жұмысты талап етті, жарты жылға жуық жұмыс жүргізілді. Осындай деңгейдегі көрме Қазақстанға бірінші рет әкелініп отыр. Менің ойымша, бұл жоба қазақстандықтардың қызығушылығын тудырады. Сондықтан баршаңызды Ұлттық музейге болашақ өнерді көруге шақырамыз, - деп айтты «ForteBank» АҚ басқарушы директоры Әлия Есжан.

Бойжеткеннің сезімге толы осынау бейнесі XV ғасырдың соңында сəн болған киім элементтері мен шаштың үлгісін паш етіп қана қоймай, Беатриче д’Эсте Миландағы Сфорца сарайында болған кезеңдегі - 1491 мен 1497 жылдар арасындағы Кватроченто дəуірінің костюмін де таныстырып отыр.

Осы бір əдемі портрет Леонардоның əлі де зерттеуді қажет ететін құпия тұстары бар шығармашылығын паш етеді. “Сұлу Ханшайым” портретінің салыну техникасына қарап отырып, ұлы шебердің туындылары мен өнертабыстарының біз білмейтін қыры мен сыры əлі де көп екенін түсінгендейміз.

Шашы талғаммен тордың ішіне жинаған жас қыздың кескіні бейнеленген сурет 15-ғасырдағы томнан алынған. 

Бүкіл әлемде Леонардо Да Винчидің 20 картинасы қойылған. Оның 14-і музейлерге қойылады. Осы күнге дейін Орталық Азияға картина қойылмаған еді, бұл алғашқысы. Бүгін ерекше маңызды күндердің бірі. Ұлттық музей соңғы техникалық жабықтармен толық қамтылғандықтан, көрмеге біз 3D үлгідегі лентаны қостық. Көрермен сол замандағы әсерді толықтай сезінетіндей етіп жасадық. Осының арқасында қонақтардың картинаны түсіне алады, - деп дейді Scripta Maneant Бас директоры және көрменің негізін қалаушы Джорджио Армароли.

Еске сала кетейік, көрме 7 маусым мен 4 тамыз аралығында ҚР Ұлттық музейінің 4 қабатындағы Мультимедиа залында өтеді.

Эльнура Бисенғали

Өзгелердің жаңалығы