Қызылордалық зауыт қызметкерінің 99%-ы вакцина салдырды

24 Тамыз 2021, 17:39
7847
Бөлісу:
Қызылордалық зауыт қызметкерінің 99%-ы вакцина салдырды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қызылордалық «СКЗ-U» ЖШС кәсіпорны қызметкерлерінің 99%-ы коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдырды. 260 адам жұмыс істейтін серіктестіктің 3 қызметкері ғана денсаулық жағдайына байланысты әзірге екпе ала алмаған көрінеді.

Айта кететін жайт, аталған компания Қазақстанда уран өндіруші компанияларды күкірт қышқылымен қамтамасыз етеді. Сол себепті үзіліссіз жұмыс істеп тұрған күкірт қышқылы зауыты қызметкерлерінің қауіпсіздігі үшін екпеге қатысты шаралардың кең ауқымда және кешенді жүргізілген.

Қызылордалық зауыт қызметкерінің 99%-ы вакцина салдырды

Екпе шаралары басталған алғашқы уақытта санитарлық-эпидемиологиялық саланың мамандарын зауытқа арнайы шақырттық. Әрине, бастапқыда бәріміздің де сұрағымыз көп болды. Мамандардың кеңесінен кейін жұмысшылар біртіндеп екпе ала бастады, – деді «СКЗ-U» ЖШС өндірістік қауіпсіздік жөніндегі бас техникалық жетекшісі Дүйсен Шардарбеков.

Қызылордалық зауыт қызметкерінің 99%-ы вакцина салдырды

Компания сала мамандарының кеңесінен бөлек, екпе алған әр қызметкерге екі күн демалыс, сондай-ақ 15 000 теңге сыйақы берген.

Бұдан басқа, әртүрлі аталымдар бойынша заттай сыйлықтар да табысталған. Тіпті зауыттағы қызметкерлер «Біріміз – бәріміз үшін, бәріміз – біріміз үшін» деген ұранмен өзара жарыс ұйымдастырып, толық екпе алған бөлімдер де болған.

Мұндай шаралар қызметкерлерімізді ынталандыру үшін жасалды. Мамандарымызға ыңғайлы болу үшін медицина қызметкерлері екпені зауытқа келіп салды. Жұмысшыларға тағы бір тиімді тұсы – олардың алдында бірінші компонентін жұмыста, екіншісін өзге жерде аламын деген мәселе болған жоқ. Себебі вахталық әдіспен бір ай жұмыс істегендіктен, екі компонентті де бір жерден алды, – деп атап өтті компания маманы.

Қызылордалық зауыт қызметкерінің 99%-ы вакцина салдырды

Бүгінде «СКЗ-U» ЖШС-да жұмыс істейтін 260 қызметкердің 257-сі бірінші компонентін, 253-і екінші компонентін салдырған. Ал қалған үш қызметкерге дәрігерлер денсаулығына байланысты әзірге рұқсат бермей отыр.

Олар денсаулығы жақсарған соң алатынын айтты. Жалпы қызметкерлеріміз өздерінің ғана емес ұжымдастарының, туған-туыстарының денсаулығы үшін екпе алудың қаншалықты маңызды екенін жақсы түсінеді. Екпе алуда белсенді болуы да осы азаматтық ұстанымын көрсетеді, – дейді компания өкілі.
Өзгелердің жаңалығы