Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылордада танысын алдап, ақшасын қалтасына басқан алаяқ әйел ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
14 қазан күні Қызылорда қаласының полиция басқармасына облыс орталығының тұрғыны танысының бұдан бір жыл бұрын банктен ірі мөлшерде несие алып беруге көмектесетінін айтып, 175 мың теңгесін алдап алғаны туралы арызданған.Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде осы қылмысты жасағаны үшін Қызылорда облысы Жалағаш ауданының тұрғыны болып табылатын азаматша ұсталды, - делінген басқарма хабарламасында.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.