Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Қызылорда облысы ішкі саясат басқармасына қарасты «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйытқы болуымен қайырымдылық акциясы өтті.
«Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінің директоры Бауыржан Мастековтің айтуынша, бұл жолғы акцияны өзбек этно-мәдени бірлестігі қолдады. Тұрмысы төмен отбасыларға азық-түлік, киім-кешек берілді. Сондай-ақ, мұқтаж жандарға көмек көрсететін «Бақытты отбасы» отбасыларды қолдаy институтына киiм-кешек тапсырылды.
Бірлестік өкілдері осы жолғы қайырымдылық іске демеушілік етті. Оларға алғыс айтамыз. Жалпы, бүгінгі акция «Қайырымдылық iстер марафoоны» аясында ұйымдастырылып отыр. Іс-шараға облыстағы Қазақстан халық Ассамблеясының жанындағы Волонтеpлaр орталығы, «Жаңғырy жолы» жастар қозғалысының өкілдері қатысты. Ізгі істің үлгісін көрсетті. Алдағы уақытта да біздің құрылым кәсіпорындардың, меценаттардың, кәсіпкерлердің көмегімен қайырымдылық істерді жалғастаруды жоспарлап отыр, – деді Бауыржан Мастеков.
Қызылорда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Жаңғыру жолы» қозғалысының белсендісі Константин Луцаның айтуынша, Ұлыстың ұлы күніне орай Ассамблея құрылымдары қайырымдылық іс-шараларын жасауды жиілетпек.
Этномәдени бірлестік өкілдері де акцияға үлес қосып, айрықша атсалысып жатыр. Жалпы, аймақтағы Ассамблеяның жанындағы Волонтерлер мен этно-мәдени бірлестігі орталықтарының белсенділері 2600-ден жанға жәрдем беріпті. Мұндай мейірімнің иісі сезілетін істерді жиі жасайтын боламыз, – деді Константин Луца.