Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңақорған ауданындағы әк зауыты 2018 жылы іске қосылған. Зауытта күніне 100 тонна әк шығарылса, ал жылына 70 мың тонна өндіріледі, деп хабарлады облыстық коммуникациялар орталығы.
Бүгінде «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында инфрақұрылым жүргізу үшін жоба-сметалық құжаты дайындалуда. Яғни, зауыттың жұмысын одан әрі дамыту мақсатында темір жол тұйығын тарту мен электр энергиясын жеткізу керек.
Жоба мақұлданса, өндіріс көлемі ұлғайып, қосымша 20 жұмыс орны ашылады.