Қызылорда облысында жемқорлар 728 млн теңгеге шығын келтірген

15 Қыркүйек 2021, 11:46
1283
Бөлісу:
Қызылорда облысында жемқорлар 728 млн теңгеге шығын келтірген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департамент басшысы Қанат Қожахметов «Antikorlive» жобасында айтты. 

8 айдың қорытындысы бойынша 41 қылмыстық іс тіркелді. Оның ішінде 28 іс жемқорлық бойынша, 1 іс ауыр қылмыс бар. Қылмыстардың басым бөлігі ақша жымқыру мен пара алуға қатысты болып отыр. Мысалы, қаржы жымқыру бойынша 23 қылмыс, пара алу бойынша 15 қылмыс тіркелді, - деді ол.

Қожахметов айтқандай, 33 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. 

Келтірілген шығын сомасы 728 млн теңгені құрады. Оның 500 млн теңгесі өтелді. Ол жалпы соманың 70 пайызын құрайды. Мемлекеттік бюджетті жүзеге асыру кезінде бірқатар қылмыс анықталды. Жергілікті органдарға қатысты 13 қылмыс тіркелді. Оның 12-сі әкімдік пен құрылымдық қызметкерлер болды, - деді Қанат Қожахметов.


 

Өзгелердің жаңалығы