Қызылорда облысында жедел жәрдем көліктері жаңартылды

12 Желтоқсан 2020, 10:17
1728
Бөлісу:
Қызылорда облысында жедел жәрдем көліктері жаңартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысында жедел жәрдем қызметін оңтайландыру жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлады «Хабар 24». 

Ең алдымен шұғыл медициналық көмек көрсету бірыңғай жүйеге біріктірілді. Егер тұрғындардан өрт сөндірушілер мен полицияға шақырту түссе, құтқарушылармен қатар шұғыл емдеу бригадасы қоса барады. Жылдам әрекет ету бағытында жедел жәрдем станциясының көліктері түгел жаңартылды. Сонымен қатар қала мен ауылдағы фельдшерлік бригадалар бір жерден басқарылады. 

Соның нәтижесінде облыс орталығы мен аудандардағы және алыс елді мекендердегі емдеуші топтар дәрі-дәрмек, құрал-жабдықтармен бірдей жабдықталып отыр. Сондай-ақ дәрігерлік құрамның біліктілігі арттырылды. Оңтайландыру жоспары аясында енді станцияның аудандық бөлімдеріне типтік ғимараттар және республикалық маңыздағы жол бойына бекеттер салынады. 

Жүрек инфаркті болған кезде фельдшер барған жағдайда ол ЭКГ лентасын оқи алмаған жағдайда шұғыл бөлім аға дәрігеріне жолдай алады. Және де облыстық медициналық орталығының кардиологына түсе алады. Олар оқып, нақты кеселдің бар-жоғын біліп, 1-2 минуттың ішінде диагноз қоюға қолымыз жетті, - деді  облыстық медициналық жедел жәрдем станциясының бас дәрігері Алмат Құрманғали.


Өзгелердің жаңалығы