Қызылорда облысында заңсыз аңшылықпен айналысқан екі тұрғын ұсталды

3 Қазан 2021, 13:25
5738
Бөлісу:
Қызылорда облысында заңсыз аңшылықпен айналысқан екі тұрғын ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысында заңсыз аңшылықпен айналысқан екі тұрғын ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.

30 қыркүйек күні республикалық «Охотзоопром» мекеме қызметкерлерімен Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары бірлесіп Жаңақорған ауданының аумағына рейдтік шаралар жүргізді.

Нәтижесінде Жаңақорған ауданы Қандөз ауылынан оңтүстік батысқа қарай шамамен 14 шақырым жерде екі азамат аңшы мылтығымен заңсыз аң аулау кезінде ұсталды. 

Оқиға орнынан асхана пышағы, тіркеуде жоқ бір ұңғылы 12 калибрлі мылтық, жарық күшейткіш құрал, 24 дана патрон, 10 дана қоянға ұқсас жануарының өлі денелері және күдікті тұлғалардың мініп жүрген мотокөлігі анықталып, олар заттай дәлелдеме ретінде алынды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337-бабы 3-бөлігімен (Адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы заңсыз аң аулау дерегі) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.



Өзгелердің жаңалығы