Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Балжан Шәменова хабарлады.
Оның айтуынша, бүгінде Қызылорда облысы «сары аймақта».
Өңірде індет жұқтырған 17 247 адам тіркелсе, оның 91%-ы жазылып шыққан.
2020 жылы коронавирус инфекциясын 3392 адам жұқтырса, биыл 13 855-ті құрап отыр. Пневмониямен ауырған 2266 науқастың 2048-і, яғни 90,4%-ы емделді. 1 қаңтардан бастап бүгінгі күнге дейін пневмониямен тіркелген науқас саны – 1908, - деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары.Сондай-ақ қазіргі таңда облыста 1160 инфекциялық төсек-орын бар.
Оның ішінде реанимациялық төсек-орын саны 135, бүгінге жүктеме 30%-ды құрап отыр. Эпидемиологиялық ахуал күшейген жағдайда инфекциялық және провизорлық стационарларда төсек-орын санын 3200-ге дейін ұлғайтуға мүмкіндік бар. Құрылысы 2020 жылы басталған модульдік стационар жұмысы іске қосылды, - деді Балжан Шәменова.Айта кететін жайт, облыс бойынша режимді түрде 6 оттегі шығару станциясы жұмыс істеп тұрған көрінеді. Оның екеуі Көпбейінді облыстық және Қазалы ауданаралық ауруханаларында іске қосылған.