Қытаймен шекарадағы көлік өткізу пункттері мереке күндері жабылады

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытаймен шекарадағы автомобиль өткізу&nbsp;пункттері 2020 жылдың 16-17 желтоқсанында жабылады.&nbsp;</h4>

 15 Желтоқсан 2020 2020, 17:36
15 Желтоқсан 2020 2020, 17:36
1991

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытаймен шекарадағы автомобиль өткізу пункттері 2020 жылдың 16-17 желтоқсанында жабылады. 

Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Өткізу пункттері 2020 жылдың 18 желтоқсанында жұмыс істей бастайды. МКК тасымалдаушылардан жоспарларын аталған шектеулерді ескертіп үйлестіруді сұрайды, - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін комитетте экспорттаушылардың Қытай тарапымен келісімшарттық міндеттемелерін қайта қарау қажеттігі туралы айтылған болатын.

Наверх