Қытайдағы халықаралық көрмеде Қазақстан павильоны ашылды

7 Қараша 2020, 06:40
1522
Бөлісу:
Қытайдағы халықаралық көрмеде Қазақстан павильоны ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шанхайда өтіп жатқан халықаралық импорт көрмесінде қазақстандық павильон ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Онда 35 кәсіпорын өз өнімін ұсынды. Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, отандық тауарлар 8 түрге бөлінген. Арасында ұн, сұйық май, кәмпит пен бал бар. Қазақстан павильонының ауданы 200 шаршы метр төңірегінде. Биыл 120 елдің 400 мыңнан аса компаниясы өз өнімдерін ұсынды. Коронавирус пандемиясына байланысты өндірушілердің көбі онлайн форматта қатысып жатыр.
Қазақстандық өнім өте сапалы және өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы бал, шұбат пен қымыз. Арзан емес, бірақ өте құнарлы. Осы көрменің арқасында Қытайдың қарапайым тұрғындарына жоғары сапалы қазақстандық тауарлар қолжетімді болады деген үміттеміз, - деді компанияның аға менеджері Фэн Чэнь.

Өзгелердің жаңалығы