Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайдың Хэнань провинциясында толассыз жауған жаңбырдан кейінгі су тасқынынан қаза тапқандардың саны 58-ге жетті. Бұл туралы RT хабарлайды.
Табиғи апаттан 9,3 миллионнан астам адам зардап шеккен. 1,1 миллионнан астам провинция тұрғындары қауіпсіз аймақтарға көшірілді.
Бұған дейін ауа райының қолайсыздығынан 56 адам құрбан болған.