Қытайда екі канадалықты ауыр жаза күтіп тұр

11 Тамыз 2021, 19:15
2446
Бөлісу:
Қытайда екі канадалықты ауыр жаза күтіп тұр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайдың Дандун қаласының соты канадалық кәсіпкер Майкл Спаворға тыңшы деген айып тақты. Бұл туралы BBC News хабарлады.

Канадалық азамат 11 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сонымен қатар оның жеті мың доллары және жеке заттары тәркіленді. Қытай билігінің мәліметінше, олар Спаворды туған жеріне қайтарады. Ал басқа дерек көздерінде ол жазасын өтегеннен кейін ғана Канадаға оралады.

Канада премьер-министрі Джастин Трюдо үкімді әділетсіз деп атады.

Майкл Спавор 2 жылға ғана бас бостағыннан айырылуы керек. Сот барысы өткен-өтпегені белгісіз. Қытай үкіметінің ұсынып отырған жүйесі әлемдік стандартқа сай емес. Олар бірнеше сұраққа жауап бермеді, - дейді ол.

Канадалық кәсіпкерді 2018 жылы Huawei компаниясының қаржы директоры Мэн Ванчжоудың тұтқындалуы кезінде ұстаған. Бұл оқиғадан соң Канада мен Қытайдың саяси қарым-қатынасы нашарлап кетті. Спаворға мемлекеттік құпияны жариялады және ҚХР ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндірді деген кінә тағылды.

Айта кетейік, бұған дейін Қытай соты есірткі контрабандасы бойынша құрықталған Канада азаматы Роберт Шелленбергті өлім жазасына кесетіні белгілі болды. Ол 2014 жылдан бері қамауда отыр. Сот шешімі Канада, АҚШ және Нидерланды елдерінің саяси ықпалының әсерінен қабылданды.

Өзгелердің жаңалығы