Қытайда 3 жастан асқан балаларға КВИ-ға қарсы вакцина салуға рұқсат етілді

7 Маусым 2021, 09:23
2958
Бөлісу:
Қытайда 3 жастан асқан балаларға КВИ-ға қарсы вакцина салуға рұқсат етілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытай Sinovac вакцинасын COVID-19-ға қарсы 3 пен 17 жас аралығындағы балаларға жедел қолдануға рұқсат берді, деп хабарлайды hromadske.

Бұл туралы Sinovac төрағасы Инь Вэйдун айтты.

Оның айтуынша, реттеуші органдар балаларға вакцинаны қолдануды мақұлдады, бірақ кәмелетке толмағандарға коронавирусқа қарсы вакцинация қашаннан бастап сала бастайтыны әлі белгісіз. 

Қытайдың реттеуші органдары Sinovac препаратын 18 жастан асқан адамдарды вакцинациялау үшін пайдалануға мүмкіндік береді. Алайда, клиникалық зерттеулердің бірінші және екінші кезеңдерінің алдын-ала нәтижелері вакцина 3 жастан 17 жасқа дейінгі балаларда иммундық реакцияны қауіпсіз түрде қалыптастыра алатындығын көрсетті. 

Сонымен, клиникалық сынақтарға 17 жасқа дейінгі 500-ден астам бала қатысты, олар вакцинаның кіші және орташа дозасын, сондай-ақ плацебо алды.

Өзгелердің жаңалығы